«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау тиімділігі»тақырыбы бойынша
коучинг жоспары
физика пәнінің мұғалімі
Тусивахын.З
Шахтинск қаласы
№ |
Сабақтың тізбегі |
Оқыту үшін бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану |
1 |
Жалпы мақсаты |
Мұғалімдерге бағалаудың заманауи түрін анықтауға көмек беру,бағалау үдерісін қалай жақсартуға болатынын түсінуіне жеткізу |
2 |
Күтілетін нәтиже |
Коучингке қатысушылары критериалды бағалауды күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсартады, оқушыларды оқытуға жетелейді. |
3 |
Түйінді идеялар |
Формативті бағалау, суммативті бағалау,критериалды бағалау |
4 |
Материалдар және ресурстар |
Интербелсенді тақта, тест, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 форматтағы түрлі- түсті қағаздар, стикерлер,әннің мәтіні |
5 |
Оқыту әдістері: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ОүБ және оқуды бағалау АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
6 |
Дерек көздері: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, қажетті ресурстар |
7 |
Тапсырмалар: |
«Өзара серіктестік орта қалыптастыру» сұраққа жауап болатындай сөйлем арқылы психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру. Топқа түрлі- түсті қағаздар жапсырылған «Ақ бантиктермен»бөлінеді.«Төрт майшам» атты аңызды берілген тапсымамен салыстырып дәлелдеу. Коучингке байланысты дайындалған презентациядағы бағалау түрлерімен танысу. бағдаршам көздері арқылы коучингке өз бағаларын береді.формативті бағалау, тапсырмалар орындату, жұппен,топпен жұмыс,тапсырманы орындауСергіту сәті, топтық жұмыс, рефлексия. |
8 |
Оқуға арналған тапсырма: |
Мұғалімге арналған нұсқаулық
|
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Сабақтың барысы |
||
Коучингөткізу кезеңдері |
Мерзімі |
Мұғалім және коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері |
Өзара серіктестік орта қалыптастыру |
5 мин |
Серіктестік орта құру. Коучингке қатысушылар сағат тілінің бағытымен өз жанында орналасқан әріптестеріне"Мен сені не үшін бағалаймын?"-деген сұраққа жауап болатындай бір сөйлемнен айтады.Мысалы:«Мен .... жауапкершілігің үшін бағалаймын» Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді. |
Шағын топқа бөлу, тақырыпқа шығу |
5 мин |
Топқа түрлі- түсті қағаздар жапсырылған «Ақ бантиктермен»бөлінеді.Жаңа топта оң психологиялық ахуал тудыру үшін топтар кезекпен, шумақ бойынша «Ақ бантик»әнін шырқайды. Топтар шапалақ арқылы бірін-бірі бағалайды.Осы бағалаудың қорытындысы бойынша топтарға А, В, С,D атаулары беріледі. |
Презентация таныстырылымы |
15 мин |
«Критериалды бағалау» таныстырылымы |
Жаттығу «Аукцион» |
20 мин |
Әр топ құнды зат жасайды, оның критерийлерін жасайды.Өзге топтар сатып алады. |
Қорытындылау |
10 мин |
Сәйкестендіру сұрақтарынан, өсу ретімен қою сияты, жабық сұрақтардан тұратын тест алынады. |
Рефлексия |
2 мин
5 мин |
Қатысушылар сол қолдарымен қағаздан жасалған жүректі умаждайды. Оны әдемілеп жазады. «Бұл іс-әрекеттен нені байқауға болады?»деген сұрақ төңірегінде қатысушылар ойларымен бөліседі. Аңыз:«Төрт майшам» |
Қорытындылау |
3 мин |
Коуч сессия қатысушылар сабақ соңында бағдаршам көздері арқылы коучингке өз бағаларын береді. «Маған бүгінгі коучинг аспандағы күндей бағыт-бағдар берді»-сары түс, «болашақта өз тәжірибемде пайдаланамын»-жасыл түс, «Мен үшін жаңалық болмады»-қызыл түс. |
|
«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау тиімділігі»
сабақ туралы рефлективті есеп
«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау тиімділігі» пайдалану тақырыбында коучинг сабақ өтті.
Коучтың мақсаты: Мұғалімдерге бағалаудың заманауи түрін анықтауға көмек беру,бағалау үдерісін қалай жақсартуға болатынын түсінуіне жеткізу
Сабақты бастамас бұрын өзара серіктестік орта қалыптастыру мақсатында коучингке қатысушылар сағат тілінің бағытымен өз жанында орналасқан әріптестеріне "Мен сені не үшін бағалаймын?"-деген сұраққа жауап болатындай бір сөйлемнен айтады. Мысалы: «Мен .... жауапкершілігің үшін бағалаймын» Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.Топқа түрлі- түсті қағаздар жапсырылған «Ақ бантиктермен»бөлінді.Жаңа топта оң психологиялық ахуал тудыру үшін топтар кезекпен, шумақ бойынша «Ақ бантик»әнін шырқады.
Топтар шапалақ арқылы бірін-бірі бағалай отырып,осы бағалаудың қорытындысы бойынша топтарға А, В, С,D атаулары беріледі. Бірінші тапсырма бейнежазба көруден басталды.Топ мүшелері бейнежазбаны тыңдады. Коучингке байланысты дайындалған презентациядағы бағалау түрлерімен танысты. Сабақты жалғасы ретінде әр топ құнды зат жасайды, оның критерийлерін жасайды.Өзге топтар сатып алады.Осыған байланысты қолдарындағы және алдарындағы байланыс жүйесі белгісі бар суретке қарап және бейнежазбадан көргендері туралы өз ойларын ортаға салды.Ойларын айтуға әр топқа 2 минут уақыт берілді.Олар жұппен,топпен талқылап,топ мүшелері ойларын нақты жауаптары арқылы дәлелмен айтып берді.Топ мүшелерінің ойларының біз үшін өте құнды болғандығы соншалық, сабағымыздың тақырыбының сәтті ашылуына осы ойлары түрткі болды. Коучингтің тақырыбы: Мұғалімдерге сабақ барысында АКТ-ны қолдану жолдарын үйрету болғандықтан,келесі тапсырманы әр топқа бір сұрақ бере отырып,оны постер арқылы қорғады.Постерден кейін әр топ өзге топты бағалайды.Мысалы: 1топ -2 топты – 2топ- 3 топты,3 топ- 4 топты, 4 топ – 1топты.Өте жақсы 3 шапалақ, жақсы 2 шапалақ, орташа 1 шапалақ. Әр топ өздерінің постерлерін 3 минутта қорғады және топтардың постерлері бағаланды.
Әр нәрсенің ғылыми тұжырымы болатынын білеміз. Сондықтан АКТ бізге не береді? деген АКТ-ның ғылыми теориясы жайында әлі де білімдеріңізді толықтыру үшін слайд арқылы ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар арқылы топ мүшелерінің білімдерін толықтырдық.Ғылыми тұжырымды айтып болған соң,әр топқа сұрақ қойылды.Бұл сұрақтың жауабы «иә» немесе «жоқ» деп жауап берілді сұраққа нақты жауап берген топқа смайлик арқылы баға берілді. Кез келген техникамен жұмыс жасағанда әр уақытта салауатты өмір салтын ұстанып отыруымыз керек. Топпен сергіту сәтін өткіздік Көңілді күн әуені қойылады. Әріптестер қимыл қозғалыс жасап сергіп қалады. Келесі тапсырма топпен бірігіп отырып, істелінетін жұмыс.Столдың үстінде төрт қағаз жатады, оның бір бетінде « А», «К» , «Т», «П» деген әріптер жасырынған. Әр топтан 1 адам келіп алады сонда қолдарындағы қағазда «АКТП»( ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану) деген сөз шығады. Сосын сол әріптер бойынша тапсырмалар беріледі соны орындайды.
«А» әріпі түскен топ «Айтуға оңай...» бағдарламасы бойынша ғаламтор, компьютер, ұялы телефонның зияны туралы пікірталас жүргізесіздер.
«К» әріпін алған топ «Кеш емес» бағдарламасы бойынша деңгейлік курсын оқып, сертификаты бар мұғаліммен сұхбат жүргізесіздер.
«Т» әріпін «Түнгі студияда»ток шоуы негізінде ауа райы туралы репортаж жасайсыздар.
П әріпін алған топ «Пайдалы кеңес» бағдарламасы бойынша ғаламтор, компьютер, ұялы телефонның пайдасы жайында интервью аласыздар.
Тапсырманы орындаудың шарттары:
Біріншіден шағын сценарий құрып аламыз.Сосын бағдарламаның тек бір ғана сюжетін көрсетеміз.Бұның ішінде диалог, сыни ойлау барлығын қамти отырып көрсету.
Тапсырманы орындап болған соң,топ бір-бірін смаиликтер арқылы өздері бағалады.
Келесі «Психологиялық» сәт.
«Білімге үш жол алып барады:
Ойлану,оқу жолы-бұл ең парасатты жол;
-еліктеу,ұқсау жолы-бұл ең оңай жол;
-басын тасқа тиіп,тағдырдан сабақ алу, тәжірибе жинау жолы-бұл ең ащы жол.Өмір бойы оқып, үйренуден жалықпайық!
Бүгінгі коучингтен алған әсерлері жайында және ойларын стикерлерге жазды да тақтадағы бағалау парағына ілді.Онда, 1. Дипломат- маған қажет, өмірде қолданамын.2. Еттартқыш- әлі де қайта қарастыру.3. Қоқыс жәшігі- маған қажет емес.Топтардың барлығы «дипломат-маған қажет, өмірде қолданамын» бөлігіне өз ойларын білдірді.
Пайдаланған әдебиет
- Мұғалімге aрналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014
- Коуч-мұғалімнің жұмыс кітабы. Біліктілік арттыру жүйесіндегі
мұғалімдерге арналған жұмыс кітабы.
Оракова А.Ш.,КорниловаТ.Б.,ЖартыноваЖ.А., Касымова А.А.