Бөкей Ордасы ауданы
Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМБ-ның
І (ілгері) деңгейлі мұғалім
Танатова Венера Сериковна
Коучинг-сессия тақырыбы: «Оқыту мен оқуды жақсартуда -Lesson study-ді қолдану»
Қ Р педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалар арасында екінші (негізгі) деңгейлі Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп гимназиясы мұғалімі: Жунисбаева Айсулу Жапарбековна
Коучинг сессия
Тақырыбы: Жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларға білімді, оқуды қалай үйретемін.
Мақсатым: Метатану қабілеттерін дамытуды сыни тұрғыдан ойлау арқылы
қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Жаңа тәсілдің тиімділігін түсінеді.
Нені оқыту?, Қалай оқыту? Сұрақтарына ой-тұжырымдайды.
Оқыту тәсіліне өзгеріс енгізуді сезінеді.
Сыни ойлау үшін проблемалық тапсырмалар беру керектігін біледі.
Түйінді идея: Әріптестеріме үйрете отырып және тәжірибе бөлісуде біліктілігімді арттыруда дағды қалыптастыру.
Сабаққа алты мұғалім қатысты.
Біріншіден жайлы орта қалыптастыру үшін топқа бөлу әдісін пайдаландым. Топты әр-түрлі стикерде екі қасиет жазылған (бақыт және табыс) таңдау әдісі бойынша екі шағын топқа бөлдім.
Сабақтың алғашқы кезеңі тапсырманың мақсатына шолу жасадым.
Яғни, «метатану» ұғымы таныс емес болғандықтан 2-3 минут шолу жасадым.
Мұнда терең тыдалым болды және әріптестерім үшін жаңалық болды.
Келесі кезең ой қозғау «Көбелектің әрекеті » бейне көрініс ұсындым. Мұғалімдерге бейне көрініс көруде мынандай ой тастадым.
1.Бұдан әрі не болады?
2.Аңыз немен аяқталады?
3.Аңыздың идеясы қандай?
1.Осы тапсырманы «Ратация» әдісі бойынша екі топта талдайды.
2.Бірлесіп талдаудан кейін постер дайындайды.
(Сыни ойлау тәсілін қолданды) Мен сырттай бақылап түсінбеген сауалдарына кеңес бердім.
Мысалы: Постер дегеніміз не?
Ойымызды жазбаша түсіреміз бе әлде сызба түрінде ме деген?...
3.Белгіленген уақыт өткен соң дайындаған постерларын қорғады.
Тапсырманы орындау сәтінде аралап жүріп сөздеріне құлақ түрдім, сондағы бір-біріне айтқан әңгімесінен оқушыларға осындай тапсырма беріп ойландырып қойсақ бізден артық мықты қорғап шығар еді деді, осыдан кейін, мен де мұғалімдердің кішкене болса да бағытымды түсінгені деп ой түйдім.
А)Көбелек ұшуға өмір сүруге талпыныс жасайды;
Ә) Бірақ толық жетілмегендіктен әлсіреп өледі;
Б) Идеясы өзі жетіліп өседі, өмір сүру керек еді...
А)Адам ұша алмай тұрған көбелекке көмектестім деп ойлайды,көбелек аянышты көзбен қарағандай болады;
Ә) Ұша алмай тұрған көбелекке қарап өз қателігін түсінеді;
Б) Әр нәрсе өз уақытымен болу керек деп ойларын тұжырымдайды.
Кері байланыс. 1.Не себептен көбелек өледі дедіңдер, қалай дәлелдейсіңдер?
Ж. Өйткені ол әлі жетілмеген.
2.Адам өз қателігін кеш түсінді,адам ары қарай не ойлады?
Ж. Өз бетімен әбден жетілгенде шығып еркін дамып өсер еді деген жауаптар алдым.
Сабақ кезінде кейбір сәтсіз кезеңдер орын алды.
1.«Бақыт» тобы сыни ойланбады өйткені: Аңыздың идеясын суреттің бейнесіне қарап қана пікір қосты.
Сәтті кездері: Екінші топ аңыздың немен аяқталатынын және бағдарламаның идеясымен байланысты өте ұтымды ой қосты.
Әріптестерім бұл сабақтан нені ұқты:
1.Бағдарлама идеясын түсінді.
2.Жаңа тәсілдердің тиімділігін ұқты.
3.Оқушылардың өз бетімен оқыту керектігін сезінді.
4.Оқушыларға бағыт беріп тапсырманы нақты құруды үйренді.
5.Дайын білім бермей бірлесіп жұмыстың нәтижелі болатынына көздерін жеткізді.
Мұғалімдерден сабақ соңында бағалау парағы арқылы коучинг сабақ туралы ойларын айқындадым.
Бағалау парағы
1.Коучинг сабағыны сіз үшін маңызды ма?
Иә жоқ
Түсіндіріңіз:
Иә жоқ
Қандай?
Қаншалықты
4.Коучинг кезінде оқу үдерісінде өзгеріс болатынын сезіндіңіз бе?
Иә жоқ
неге?
Иә жоқ Иә жоқ
Қаншалықты
-Бірінші сұраққа барлығы маңызды деп , қазіргі жаңару заманына сай оқыту ,даму үшін т.б.
-екінші сұраққа иә деп жауап беріп, СТО, топтық.
-үшінші сұраққа иә деп жауап берген және оқушыларды өз бетімен оқуына,
кейбір таныс емес қажетті тәсілдерді үйрену үшін т.б.
-төртінші иә сезіндім және неге деген сұраққа өз бетіммен жұмыс жасайтынымды, күнделікті сабақтан өзгеше болатынын, бірлесіп топтасып талдайтынымды т.б.
-бесінші әбден үйренгенші, толық меңгергенше, ең бірінші сынып сағатында пайдаланып көрем т.б.
Әріптестерімнің осы жауаптарынан кейін, сабақтың бағытын түсінгенін, өздеріне қажетті жаңа әдістер туралы ақпарат алғанын байқадым және келесі екінші коучинг сабағымды диолог арқылы сын тұрғысынын ойлауды дамытуға бағыттап алатынымды жобаладым.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту»
тақырыбы бойынша коучинг жоспары
физика пәнінің мұғалімі
Тусивахын.З
Шахтинск қаласы
«Талантты және дарынды балаларды оқыту»
тaқырыбы бойыншa кoучинг жоспaры
1 |
2 |
|
Сабақ тақырыбы:
|
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» |
|
Жалпы мақсат: |
Талантты және дарынды оқушыларды анықтауды үйрету,талантты және дарынды оқушыларды бағалаудың түрлі жүйелерін анықтау
|
|
Сілтеме: |
1.Мұғалімдергe арналған нұсқaулық. 50-58 беттер Үлестірмелі нұсқаулық |
|
Оқу нәтижесі |
Талантты және дарынды оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін ің даму жолдарынүйренуі. Белгілі бір пән бойынша дарындылығының анықталуы. |
|
Түйінді идеялар: |
Талантты және дарынды оқушыларды оқыту арқылы дарын, талант туралы идеяларды нақтылай түсу. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
А4 парaқтары, стикeр, интербелсeнді тақта,презентaция, маркер, қалам.әннің мәтіні |
|
Оқыту әдістері: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ОүБ және оқуды бағалау АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
топтық жұмыс |
Дерек көздері: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, қажетті ресурстар,слайдтар
|
|
Тапсырмалар: |
«Жылы лебіз» әріптестер бір-бірлеріне сәттілікпен психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.Тақырыпқа байланысты ситат сөздерді құрастыру арқылы топқа бөлу. Презентация көрсету. 3 топқа 3 түрлі тапасырма беру арқылы постерді құрастыру және қорғау. Топты формативті бағалау, тапсырмалар орындату, жұппен,топпен жұмыс. Сергіту сәті, рефлексия. |
|
Оқуға арналған тапсырма: |
Мұғалімге арналған нұсқаулық.Дарынды және талантты балаларды анықтау |
Сабақтың барысы |
|
||
Коуч сессияны өткізу кезеңдері |
Мерзімі |
Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері |
|
Өзара серіктестік орта қалыптастыру |
5 мин |
Серіктестік орта құру. Коучингке қатысушылар сағат тілінің бағытымен өз жанында орналасқан әріптестеріне"Мен сені не үшін бағалаймын?"-деген сұраққа жауап болатындай бір сөйлемнен айтады.Мысалы:«Мен...жауапкершілігің үшін бағалаймын». Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді. |
|
Шағын топқа бөлу, тақырыпқа шығу |
5 мин |
Топқа түрлі- түсті қағаздар жапсырылған «Ақ бантиктермен» бөлінеді.Жаңа топта оң психологиялық ахуал тудыру үшін топтар кезекпен,шумақ бойынша «Ақ бантик»әнін шырқайды. Топтар шапалақ арқылы бірін-бірі бағалайды.Осы бағалаудың қорытындысы бойынша топтарға А, В, С атаулары беріледі. |
|
Вейнеролик«Әлемдегі дарынды балалар», «Талантты бишілер» |
6 мин |
Әлемдегі ең дарынды балалар туралы бейнеролик көрсетіледі. |
|
Әлемнің жеті кереметі |
3 мин |
Әлемдегі 7 кереметі туралы бейнеролик көрсету, ойларын ортаға салу |
|
Постер қорғау «Дарынды,дарынды лық және талант» |
20 мин |
Әр топ постер жазып, өздері қорғайды. |
|
Презентация таныстырылымы |
15 мин |
«Талантты,дарынды балалар» атты таныстырылым |
|
Сергіту сәті «Көңілді күн» |
2 мин |
Сергіту сәтін жасату |
|
Рефлексия |
5 мин
|
Қатысушылар сол қолдарыменқағаздан жасалған жүректі умаждайды.Оны әдемілеп жазады. «Бұл іс-әрекеттен нені байқауға болады?» деген сұрақ төңірегінде қатысушылар ойларымен бөліседі. |
|
Кері байланыс |
3 мин |
Пікірлерін стикерлерге жазып, ізгілік ағашына ілу. |
«Талантты және дарынды балаларды оқыту»
коучинг туралы рефлексивті есеп.
2014-2015 оқу жылының мамыр айында талантты дарынды балаларды оқыту тақырыбы бойынша коучинг сабақ өткіздім.Коучинг өткізудегі негізгі мақсатым: Мұғалімге бағалаудың заманауи түрін анықтауға көмек беру, дарынды және талантты балалармен қалай жұмысты жақсартуға болатынын түсінуіне жеткізу.
Сабақты бастамас бұрын әріптестеріме серіктестік орта құрдым. Коучингке қатысушылар сағат тілінің бағытымен өз жанында орналасқан әріптестеріне "Мен сені не үшін бағалаймын?" - деген сұраққа жауап болатындай бір сөйлемнен жауап берді. Мысалы:«Мен ...жауапкершілігің үшін бағалаймын» Қатысушылар шеңбердегі адамдар аяқталғанша осылай жалғаса берді. Топқа түрлі - түсті қағаздар жапсырылған «Ақ бантик» өленінің жолымен бөлдік. Жаңа топта оң психологиялық ахуал тудыру үшін топтар кезекпен, шумақ бойынша «Ақ бантик» әнін шырқады. Топтар шапалақ арқылы бірін-бірі бағалады. Осы бағалаудың қорытындысы бойынша топтарға А, В, С атаулары беріледі.
Әлемдегі 7 кереметі туралы бейнеролик көрсету арқасында мүғалімдердің ойларын ортаға салдық.
Мұғалімдер сергіту сәтін жасады. Талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбы бойынша мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды.
Рефлекция: қатысушылар сол қолдарымен қағаздан жасалған жүректі умаждады. Оны әдемілеп жазды. «Бұл іс-әрекеттен нені байқауға болады?» деген сұрақ төңірегінде қатысушылар ойларымен бөлісті.
Коучинг сабақ барысында стратегия, әдіс-тәсілдерді қолдандым. Айта кетсек, ой қозғау, кластер толтыру, инсерт әдісі, кубизм, Венн диаграммасы, диалогті оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Кері байланыс: Пікірлерін стикерлерге жазып, ізгілік ағашына ілді.
Коучинг мұғалімдерге ұнады. Әсіресе мұғалімдердің топпен жұппен жұмыс жасай отырып, постер қорғау,жеті модульді қолдану кездерінде.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту»
коучинг сабақ бойынша суреттер